Язык сайта

ШҚО-да жеңіл атлетикаға ерекше көңіл бөлінуде

ШҚО-да жеңіл атлетикаға ерекше көңіл бөлінуде
Өскеменде «Weltklasse Zurich» Гаухар лигасының ақтық кезеңінің өкілдері Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовпен кездесіп, аймақтағы жеңіл атлетиканың дамуы жайлы пікірлерін білдірді.

Кездесу барысында аймақ  бойынша жеңіл атлетиканы дамыту жайлы сөз қоғалды. Weltklasse Zurich Гаухар лигасы ақтық кезеңінің Со-Директоры Андреас Хёдигер жеңіл атлетиканың дамуын бағалай келе, IAAF (Халықаралық жеңіл атлетика федерациясы қауымдастығы) ресми сайыстарын өткізу жайлы ұсыныс айтты.

 – Өздеріңіз байқағандай, облыстағы спорттың дамуы бір бағытқа қойылған. Соңғы жылдары кәсіби спортты дамыту үшін бірқатар спорттық нысандар салынды. Қазір «Altay athletics» жобасынан бөлек, «Altay kids» атты тағы бір жоба қолға алынды. Алдағы екі жыл мерзімде біздің аймақ халықаралық деңгейдегі жеңіл атлетика жарыстарын өткізуге дайын болады деген сенімдемін, – деді Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов.

Айта кету керек, аталмыш кездесуге сәуірдің 10 мен 11 күндері облыс орталығында "Altay athletics" кәсіби жеңіл атлетика клубының жетекшісі  Гвидо Тоньони және «Weltklasse Zurich» Гаухар лигасы ақтық кезеңінің Со-Директоры Андреас Хёдигердің қатысуымен өтетін әлемдік спорттың жан-жақты дамуы тақырыбында өтетін семинар арқау болды. Шара барысында Қазақстандағы жалпылай спорттың дамуы жайлы сөз етілмек.

 

comments powered by HyperComments