Язык сайта Язык сайта

ШҚО-да бокстан облыс чемпионаты өтуде

ШҚО-да бокстан облыс чемпионаты өтуде
Облыс орталығында бокстан 2001-2002 ж.т. жастар және 2003-2004 ж.т. жасөспірімдер арасында бокстан облыс чемпионаты өтуде.

«Жекпе-жек» сарайына өскемендік спортшылардан бөлек, өңірдің әр ауданынан, Семей, Риддер және Зырян қалаларынан 196 спортшы жиналған екен. Жарыстың ашылу салтанатына кикбоксингтен бес дүркін Әлем Чемпионы, ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Асқар Можанов қатысты.

Жарыста үздіктер барлығы 24 салмақ бойынша анықталады. Халықаралық дәрежедегі АИБА төрешісі Қайрат Сафиннің айтуынша, бұл жолы қатысушылар саны көбейе түскен. Сондай-ақ жоғары нәтиже көрсеткен боксшылар, оның ішінде үлкен жасөспірімдер алдағы аймақтық біріншілікке жолдама алады. Ол қараша айында Павлодар облысының Ақсу қаласында өтеді. Ал жастар болса, қаңтар айында жалауын көтеретін ел чемпионатында өңір намысын қорғайтын болады.

Былғары қолғап бәсекесі қазанның 26-на дейін жалғасады, яғни сол күні финалдық жекпе-жектер өтпек.

 

ШҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі