Язык сайта Язык сайта

ШҚО-да ауыр атлетикадан облыс чемпионаты өтуде

ШҚО-да ауыр атлетикадан облыс чемпионаты өтуде
Өскеменде ауыр атлетикадан ерлер мен әйелдер арасында облыстық іріктеу чемпионаты өтуде. Жарыста 100-ге жуық спортшы күш сынасуда.

«Олимпиец» спорт кешеніне аймақтың ең үздік деген зілтеміршілері бас қосты. Аталмыш сайыста жарыс иелерінен бөлек, Семей қаласынан, Зырян және Шемонаиха аудандарынан келген алдыңғы қатарлы спортшылар өз мүмкіндіктерін байқауда. Бұл жарыс жастар арасындағы спорттық шеберлікті арттыру, сондай-ақ, мамыр айының 13 мен 19 аралығында Шымкент қаласында өтетін ҚР чемпионатында бақ сынайтын облыс құрамасын жасақтау мақсатымен өтуде.

comments powered by HyperComments