Язык сайта

ШҚО-да кикбоксингтен жастар арасындағы ҚР чемпионаты өтуде

ШҚО-да кикбоксингтен жастар арасындағы ҚР чемпионаты өтуде
Өскеменде кикбоксингтен 2000-2001 ж.т. қыздар және жастар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты өтуде.

Жарыстың ашылу салтанатына кикбоксингтен бес дүркін Әлем чемпионы, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Асқар Можанов қатысты.

 – Құрметті қатысушылар және бапкерлік құрам, сіздерді кикбоксингтен ел чемпионатының ашылуымен құттықтаймын. Барлық спортшыға жоғары деңгейлі жекпе-жекпе көрсетіп, бәсеке барысында төрешілер тарапының қырағылық танытуына деп тілектеспін. Бұл спорт алдағы уақытта Олимпиада Ойындары бағдарламасына енеді деп үміттенемін, – деді басқарма басшысы.

Сайыста барлық облыстан және еліміздің бірқатар қалаларынан келген 230 спортшы өзара шеберлік байқасуда. Өңір атынан 24 кикбоксшы сынға түсуде. Олардың қатарында Әлем Кубогінің жеңімпазы, әрі ел чемпионы Акбар Алматов, Әлем Кубогінің күміс жүлдегері, ел чемпионы Серікбол Ермеков, ел чемпионатының екі дүркін жеңімпазы, Әлем чемпионатының қола жүлдегері Бауыржан Еркебаев және Әлем Кубогінің қола жүлдегері Айдар Есболатов сынды шеберлігі толысқан спортшылар да бар.

Бұл дода алдағы қыркүйек айында Италия жерінде өтетін Әлем чемпионатына іріктеу болып саналады.

comments powered by HyperComments