Язык сайта Язык сайта

ШҚО-да еркін күрестен ашық аудан біріншілігі өтуде

ШҚО-да еркін күрестен ашық аудан біріншілігі өтуде
ШҚО-ның Ұлан ауданында еркін күрестен халықаралық балаларды қорғау күніне арналған ашық аудандық біріншілік өтуде. Мұнда 2005-2007 ж.т., 2008-2010 ж.т. жасөспірімдер бақ сынасуда.

Жарыстың ашылу салтанатында Ұлан ауданының әкімі Нұрымбет Сақтағанов барлық споршыға сәттілік тіледі.

 

– Барлық қатысушылар мен жанкүйерлерді бүгінгі Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтаймын. Осынау жарысымызда талай жеткіншектеріміздің жігері мен дайындығы сыналады.Сіздерге өз спортының үздігі атанып, Олимпиада ойындарындағы аға-әпкелеріңіздің жетістігін қайталуларыңызға тілектеспін, – деді аудан әкімі.

Одан ары кезекті оқу жылының аяқталуымен Ұлан ауданы «Балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің» түлектерін, өңір намысын әлемдік додаларда абыроймен қорғап жүрген спортшылар мен жаттықтырушыларды марапаттау рәсімі өтті. Атап айтсақ, бапкер Ерлан Уалиевтың шәкірттері, қол күресінен әлем чемпионатының жеңімпаздары, әрі жүлдегерлері, Азия біріншілігінде топ жарған  Деши Дурсаева, Ораз Басаров, Юлия Кузнецова, еркін күрестен бірнеше рет ел чемпионы атанған Алмас Жүніс сынды үздік спортшыларға спорттық атақтар берілді. Одан ары ашық аудан біріншілігіне жиналған қатысушылар алғашқы белдесулерін бастап кетті. Мұнда кілем қожайындарынан бөлек, Өскемен қаласы мен Жарма ауданынан келген спортшылар өз мүмкіндіктерін байқауда. Қатысушардың ұзын саны 100-ге таяу. 2005-2007 ж.т. спортшылар он салмақта, ал 2008-2010 ж.т. балуандар сегіз салмақта өзара «кім мықтыны» анықтауда. Айта кетейік, мұнда еркін күрес бәсекесімен қатар, шағын футболдан аудан біріншілігі өтуде. Аяқ доп сайысында футбол, бокс, дзюдо, волейбол бөлімінің спортшылары өз мүмкіндіктерін байқауда.