Язык сайта

ШҚО-да үстел теннисінен облыс чемпионаты өтуде

ШҚО-да үстел теннисінен облыс чемпионаты өтуде
Өскеменде 2007 ж.т. және одан кіші жасөспірімдер және қыздар арасында жекелей сындағы облыс чемпионаты өтуде.

Мұнда сайыс қожайындарынан бөлек, Семей қаласынан, Тарбағатай, Көкпекті және Ұлан аудандарынан келген жас теннисшілер өз мүмкіндіктерін байқауда.

 – Бұл сайыста біз осы жас ерекшелігіндегі үздікті анықтап, дайындығын байқамақпыз. Үздіктері ел чемпионатында өңір намысын қорғайды, – деді үстел теннисінен облыстың аға жаттықтырушысы Ольга Архипова.

Қыздар және жасөсіпірмдер екі күнге жалғасқан жарыс барысында жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтайды. Жоғары нәтиже көрсеткен қатысушылар мамыр айының соңы және маусым айының басында Алматыда өтетін Қазақстан Республикасы чемпионатында өнер көрсетпек.

comments powered by HyperComments