Язык сайта

ШҚО-да тоғызқұмалақтан облыс чемпионаты басталды

ШҚО-да тоғызқұмалақтан облыс чемпионаты басталды
В Семее начался чемпионат области по тогызкумалак среди мужчин и женщин разных возрастов.

Спорттық іс-шара командалық сайыс есебінде өтуде. Облыс чемпионатының жүлделі орындарын сарапқа салуға жарыс қожайындарынан бөлек, Абай, Аягөз, Ұлан және Тарбағатай аудандарының ойыншылары жарыс жолына шықты. Сайыстан ел чемпионы және спорт шебері Гүлжан Қилыбаева, Әкежан Рамазанов және спорт шеберлігіне үміткер Мұхит Мағзұмов сынды шеберлігі шыңдалған спортшылар да шет қалмады.

 – Бұл жарыс айналмалы жүйе бойынша аймақтағы үздіктерді анықтау мақсатымен өткізілуде. Яғни, командалар алма-кезек өзара ойнап шығады, – деді сайыстың бас төрешісі Жарас Исаханов.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер екі күнге жалғасатын бәсеке қорытындысында анықталмақ. Жоғары жетістік көрсеткен қатысушылар мамыр айының 14 мен 19 аралығында Шымкентте өтетін ел чемпионатында өнер көрсетпек.