Язык сайта Язык сайта

ШҚО-да волейболдан балалар лигасының Супер Кубогі өтуде

ШҚО-да волейболдан балалар лигасының Супер Кубогі өтуде
Өскеменде волейболдан 2000-2001 ж.т., 2002-2003 ж.т., және 2004-2005 ж.т. қыздар арасында балалар лигасының Супер Кубогі өтуде.

Аталмыш додада аймақтан барлығы 13 команда жарыс жолына шықты. Атап айтсақ, Өскемен, Семей қалаларының, Шемонаиха, Бородулиха, Жарма, Аягөз және Глубокое сынды аудандардың ұжымдары өз қабілеттерін байқауда. Командалар үш топқа бөлінді және жас ерекшелігі бойынша әр топтан үздіктер анықталады. Қай ұжымды алсақ та, әрқайсысы өткен жылғы балалар лигасында жүлдегер атанғандар.

– Бұл турнирде мықты команданы анықтап, жас ерешелігіне қарай әр топтың абсолют жеңімпазын білетін боламыз, – деді жарыстың бас төрешісі Валентин Измайлов.

Барлық қатысушы командалар бес күнге жалғасатын облыстық Супер Кубок үшін бақ сынасады. Жеңімпаз боп шыққандары республикалық жарыстарда өңір намысын қорғамақ.