Язык сайта Язык сайта

Өскемен әуежайында жеңімпаз Денис Улановты қарсы алу

Өскемен әуежайында жеңімпаз Денис Улановты қарсы алу

11 маусымда Өскемен қаласының әуежайында «British International Open» халық-аралық турнирдың жеңімпазы Денис Уланов пен оның жеке жаттықтырушысы Александр Девяткинді ШҚО денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы Д. Рыпаков, басқарма басшысының орынбасары А. Кустубаев, ШҚО ауыр атлетикадан олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің өкілдері мен спортшылары құттықтауларымен қарсы алды.

Естеріңізге сала кетсек, ағымдағы жылдың 7-9 маусым аралығында Ұлыбритания Ковентри қаласында "British International Open" лицензиялық халықаралық турнирі өтті, Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасында Денис Ұланов қатысты. Бұл турнирде Денис 81 келіге дейінгі салмақта 325 (145+180) есебімен бірінші орынды иеленді.