Язык сайта Язык сайта

Құқық, ұйымдастыру-кадр жұмысы бөлімі

Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Казахстан 59/1 көшесі, пошталық индекс:070004

Электронды пошта адресі: kadry@sportvko.gov.kz

Жұмыс телефоны: 8 (7232) 70-22-86

 
Бөлім құрылымы

 

Аты-жөні

Лауазымы

Байланыс телефоны

e-mail

1

Болаева Лаура Токтаркановна

Бөлім басшысы

8 (7232) 70-22-92

l.bolaeva@akimvko.gov.kz

2

Рамазанова Алида Муратовна

Бас маман

8 (7232) 70-22-86

al.ramazanova@akimvko.gov.kz

 

 

Бөлім басшысы – Болаева Лаура Токтаркановна

                                                              
  • Жеке құрам бойынша, қызметкерлерді іссапарға жіберу бойынша, кадр қызметіне қатысты негізгі қызмет бойынша бұйрықтардың жобаларын рәсімдеу;
  • Басқарма қызметкерлерінің, басқармаға бағынысты ұйымдар басшыларының жеке істерін, қызметтік тізімдерін жүргізу, еңбек кітапшаларына жазба енгізу;
  • Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға және басқармаға бағынысты ұйымдардың басшыларына конкурстар өткізу жөніндегі комиссиялардың жұмысын ұйымдастыру және материалдар дайындау;
  • Басқарма қызметкерлерінің мемлекеттік қызмет өтілін және еңбек сіңірген жылдарын есептеу;
  • Басқарманың азаматтық қызметшілерімен, басқармага бағынысты ұйымдардың басшыларымен және олардың орынбасарларымен жасалған еңбек шарттарының мерзімін әзірлеу, ресімдеу және есепке алуды жүргізу;
  • Басқарма қызметкерлерінің жұмыс уақытын есепке алу табелін жүргізеді;
  • Басқарма қызметкерлерінің жұмыс орындарында болуын күнделікті есепке алу;
  • Еңбек тәртібі бойынша есеп дайындау (Апта сайын, ай сайын), басқарма қызметкерлерінің қатысуын талдау (жұмысқа кешігу, науқастығына байланысты немесе себепсіз болмауы));
  • Басқарма қызметкерлерінің еңбек демалысына шығу кестесін құру және қызметтік іссапарларға шығу, еңбек демалысында болу бойынша талдау жасау;
  • Басқарма қызметкерлері қатарынан әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды есепке алуды жүргізу;
  •  • Әкімшілік мемлекеттік лауазымдар санаттарына біліктілік талаптарын, басқарма қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын әзірлеу, ресімдеу және келісу;
  • Кадрлық резерв бойынша жұмысты ұйымдастыру;
  • Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру және кадрларды қайта даярлау бойынша іс-шаралар өткізу, кадрлардың тағылымдамасы мен оқуын ұйымдастыру;
  • Мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулердің сақталуын бақылау;
  • Заңмен белгіленген шектеулерді қабылдау туралы Мемлекеттік қызметшілердің келісімін жазбаша түрде тіркеу (өзіне қабылданған шектеулер бұзылған жағдайда құқықтық салдарлар туралы хабардар етеді);
  • Басқарманың мемлекеттік қызметшілерін және басқармаға бағынысты ұйымдардың басшыларын аттестаттауды өткізуді ұйымдастыру;
  • Белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен, облыс әкімінің Құрмет грамоталарымен және алғыс хаттарымен беруге құжаттарды дайындауды жүзеге асыру;
  • Басқарма қызметкерлерін марапаттау бойынша ұсыныстар дайындау және басқарма қызметкерлерін Құрмет грамотасымен және алғыс хатымен марапаттау бойынша басқарма актілерін ресімдеу;
  • Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне мемлекеттік қызметшілердің саны туралы мәліметтерді ұсыну;
  • Есеп беру нысаны бойынша кадрлардың құрамы мен ауысуы туралы статистикалық деректерді ұсыну;
  • Ұлттық қауіпсіздік органдарына, құқықтық статистика және арнайы есепке алу басқармасына адамдарды міндетті арнайы тексеру бойынша сұраныстарды ресімдеу, мемлекеттік қызметке алғаш рет қабылданған;
  • Уәкілетті органға бос лауазымдар тізімін, бос лауазымдарды толтыру бойынша өтінімдерді және өзге де қажетті ақпаратты ұсыну үшін дайындау;
  • Кадр жұмысы мәселелері бойынша хаттар мен ақпараттарды дайындау;
  • Кадр жұмысы бойынша іс қағаздарын жүргізу, басқармаға бағынысты ұйымдарды дайындау және беру;
  • Басқармаға қарасты ұйымдардың кадрлар жөніндегі мамандарының жұмысын үйлестіру және әдістемелік басшылық жасау;
  • Басқарманың кадрлық мәселелері бойынша комиссиясының тұрақты хатшысы қызметін атқару

 

Бөлімнің бас маманы – Рамазанова Алида Муратовна

                                                                       
  •  Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша жұмысты ұйымдастыру, № 1-ОЛ нұсқадағы тоқсандық, жартыжылдық, жылдық статистикалық есепті ұсыну, есептегі мәліметтердің дұрыстығы мен толықтығын уақтылы қадағалап жүктеуге жауапты.
  • Басқарма қызметінің мәселелері бойынша баяндамалардың, сөз сөйлеулердің, жиынтық ақпараттың жобаларын дайындауды ұйымдастыру, оның ішінде мемлекеттік тілде дайындауды ұйымдастыру;
  • Басқарма қызметінде мемлекеттік тілді дамыту, басқарманың іс қағаздарын мемлекеттік тілге көшіру жұмыстарын ұйымдастыру;
  • Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін электрондық құжаттың бірыңғай жүйесін және жаңа ақпараттық технологияларды енгізу бойынша Басқарма жұмысын ұйымдастыру.
  • Басқарманың ай сайынғы, тоқсандық, жартыжылдық, жылдық жұмыс жоспарларын қалыптастыру.
  • Басқарма басшысының жеке және заңды тұлғаларды қабылдауын ұйымдастыру.
  • Қазақстан Республикасы Президентінің, Премьер-Министрінің актілері мен тапсырмаларының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің, Премьер-Министрінің, оның орынбасарларының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі мен Премьер-Министрі Кеңсесі басшыларының, облыс әкімдігі мен әкімінің, әкім орынбасарының, басқарма басшысының хаттамалық тапсырмаларының орындалуын бақылауды қамтамасыз ету;
  • Басқарманың аппараттық кеңестерін өткізу бойынша үйлестіру жұмысын ұйымдастыру;
  • Басқарманың аппаратішілік жұмысын ұйымдастыру (басқарманың аппараттық кеңесінің хаттамаларын ресімдеу, басқарманың аппараттық кеңесіне ақпарат дайындау);
  • Бөлім хат-хабарларымен жұмыс жүргізу. БАҚ-пен жұмыс жүргізу. ХҚО-ға ақпарат жинауды жүргізу және ХҚО - ға есеп беру.
  • ҚР Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңнамасын, ішкі еңбек тәртібінің ережелерін, сондай-ақ заңнамамен белгіленген қызметтік этика нормаларын сақтау.