Язык сайта Язык сайта

Міндеті мен мақсаты

Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері,

функциялары, құқықтары мен міндеттері

 «Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің миссиясы: Шығыс Қазақстан облысында дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында спорттық, қоғамдық ұйымдардың қызметін тиімді мемлекеттік басқару мен үйлестіруді қамтамасыз ету.

   Міндеттері

1) Шығыс Қазақстан облысы аумағында спорттың барлық түрлерінің дамуына қолдау көрсету;

2) дене шынықтыру және спорт саласында материалдық база құру және нығайту, тиісті инфрақұрылымдарды дамыту.

 Функциялары

1) жеке адамдардың тұрғылықты жері бойынша және олардың көпшілік демалатын орындарда спортпен шұғылдануы үшін инфрақұрылым жасайды;

2) аккредиттелген республикалық және (немесе) жергілікті спорт федерацияларымен бірлесіп, спорт түрлерi, оның ішінде ұлттық, техникалық және қолданбалы түрлері, бұқаралық спорт бойынша, сондай-ақ ардагер спортшылар арасында облыстық спорт жарыстарын өткiзедi;

3) спорт түрлерi бойынша облыстық құрама командаларды даярлауды және олардың республикалық және халықаралық спорттық жарыстарда өнер көрсетуiн қамтамасыз етедi;

4) облыс аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерiн дамытуды қамтамасыз етеді;

5) облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аумағында дене шынықтыру-спорт ұйымдарының қызметiн үйлестiредi;

6)   білім беру ұйымдарының спорт ғимараттарын сабақтан тыс және кешкі уақытта халық үшін спорт секцияларының жұмысын қамтамасыз ету және спорттық іс-шаралар өткізу мақсатында пайдалану жөнінде шаралар қолданады; 

7) спортшыларға: Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат, 1-разрядты спортшы спорттық разрядтарын береді;

8) мынадай: бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бірінші санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi бірінші санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бірінші санатты әдіскер, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi бірінші санатты әдіскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегі бірінші санатты нұсқаушы-спортшы, бiрiншi санатты спорт төрешiсi біліктілік санаттарын береді;

9) аккредиттелген өңірлік және жергілікті спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша спорттық-бұқаралық iс-шаралардың бірыңғай өңірлік күнтiзбесін бекiтедi және оның iске асырылуын қамтамасыз етеді;   

10) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк аумағында спорттық іс-шараларды ұйымдастыруды және өткiзудi үйлестiредi;

11) облыс аумағында дене шынықтыру мен спортты дамыту жөніндегі ақпаратты жинауды, талдауды жүзеге асырады және                                         Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нысанда және мерзімдерде дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкiлеттi органға ұсынады;        

12) жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеуді жүзеге асырады;        

13) спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернаттар үшін спорт түрлері бойынша білім берудің үлгілік оқу бағдарламаларын іске асырады;

14) спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернаттардың үлгілік оқу жоспарларын келіседі;

15) аккредиттелген өңірлік және жергілікті спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша спорт түрлері бойынша облыстық құрама командаларының тізімдерін қалыптастырады және бекітеді;

16) Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңына сәйкес Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстар енгізеді;

17) ресми дене шынықтыру және спорт іс-шараларын медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;

18) дене шынықтыру және спорт іс-шараларын өткізу кезінде қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді;

19) дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттарын пайдалануды үйлестіреді;

20) спорт мектептеріне, спорт мектебінің бөлімшелеріне «мамандандырылған» деген мәртебе беру жөнінде ұсыныстар енгізеді;

21) халықаралық және республикалық деңгейдегі жарыстарды өткізуге арналған спорттық ғимараттарды жобалау үшін техникалық өзіндік ерекшеліктер мен техникалық тапсырманы республикалық аккредиттелген спорт федерацияларымен келіседі;

22) дене шынықтыру және спорт саласындағы қазақстандық және шетелдік мамандарды Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес шарт негізінде тарту арқылы жоғары дәрежелі спортшыларды даярлауды қамтамасыз етеді;

23) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.