Язык сайта Язык сайта

Шосселік велоспорттан Қазақстан Республикасының Чемпионаты

Шосселік велоспорттан Қазақстан Республикасының Чемпионаты

Көкшетау қаласында 1-10 шілде аралығында шосселік велоспорттан Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтуде.

Шығыс Қазақстан облысының құрамасы кезекті рет жүлделі орындарға ие болды. Жаттықтырушы Владимир Васильевич Чаловтың басшылығымен Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Шығыс Қазақстан облыстық спорттың ойын түрлері бойынша кешенді мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв спорт мектебі» КММ тәрбиеленушілері Дарья Тюлькина критериум жарысында күміс жүлдені иеленсе, сонымен қатар Мандакова Елена мен Тюлькина Дарья 2003-2004 ж. т. қыздар арасында 20 км жұптық-командалық жарыста 3 орын алды.

Спортсмендерді және жаттықтырушы-оқытушыларды құттықтаймыз!