Язык сайта Язык сайта

ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының басшы орынбасары

 

Құстыбаев Азамат Кадырбекұлы 1977 жылы 10 наурызда Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Никитинка ауылында туылған.

1998 жылы С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде «Дене шынықтыру және спорт» мамандығын, ал 2006 жылы Шығыс Қазақстан аймактық университетін «Құқық» мамандығын тәмамдаған.

Еңбек жолын Никитинкалық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде курес бапкері болып бастады.

2001 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасындағы оқу-спорт бөлімінің жүргізуші маманы ретінде бастап, ары қарай жоғарғы спорт жетістігі бөлімінің бас маманы болып, 2011 жылы жоғарғы спорт жетістігі және спорт резерві бөлімінің басшысы болып тағайындалды.

2015 жылы Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасындағы жоғарғы спорт жетістігі және спорт резерві бөлімінің басшысы болып тағайындалды.

2018 жылдың 16 маусым айында «Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінде басқарма басшысының орынбасары болып тағайындалды.